Қазақстанның Грузиядағы Елшісі Мәлік Мырзалин Грузияның Кахетия аймағындағы зәйтүн плантацияларына барды, олардың көшеттерін Қазақстанның бірнеше облыстарына отырғызу жоспарлануда.
Зәйтүн жөніндегі халықаралық кеңестің президенті Георгий Сванидзе қазақстандық дипломатты Грузиядағы зәйтүн өндіру және өңдеу саласымен таныстырып, сондай-ақ Қазақстанда грузин мамандарының қолдауымен осы саланың кезең-кезеңімен даму процесі туралы айтып берді. Жоспарға сәйкес, елімізде зәйтүннің ең жақсы сорттарын отырғызу, плантациялар құру, өңдеу зауытын іске қосу, қазақстандық зәйтүнді шетелге экспорттау үшін қажетті халықаралық сертификат алу жоспардың ең маңыздылары екенін баса айтты.
Қазіргі уақытта Жетісу және Маңғыстау облыстарында зәйтүн ағаштарының көшеттерін тәжірибелік отырғызу жүргізілді. Сондай-ақ, биыл Түркістан облысына грузин көшеттерін жіберу жоспарлануда.
Қазақстанда зәйтүн өсіру бойынша Грузия білімімен, тәжірибесімен және инновацияларымен бөлісуге дайын екенін, Г. Сванидзе атап өтті. Сондай-ақ ол зәйтүн майынан түсетін әлемдік кірістің 90% және оны сататын сауданың 74% бақылайтын ұйым – Зәйтүн жөніндегі халықаралық кеңестің мүшелігіне кіру үшін Қазақстанға өз тарапынан қолғабыс көрсететінін мәлімдеді.
Елші Қазақстан Мемлекетінің басшысы еліміздің аграрлық секторына, заманауи аграрлық ғылымды дамытуға және агроөнеркәсіптік кешенге инновацияларды белсенді енгізуге көп көңіл бөлетінін аталып өтті. Осыған байланысты үш жыл ішінде АӨК-дегі қайта өңделген өнімнің үлесін 70% дейін арттыру міндеті қойылғанына көңіл бөлді.
Қазақстандық дипломат сондай-ақ Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан саяси және экономикалық реформалар туралы айтып, бұл ретте өзара тиімді кооперация үшін кең мүмкіндіктер туғызатын қолайлы бизнес-климатты қалыптастыру жөніндегі шараларды ерекше атап өтті.
Тараптар елімізде жоспарланған жобаларды іске асыру бойынша әрдайым жұмыс байланыстарында болуға уағдаласты.