ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров екіжақты инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Француз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Сильвен Гиогемен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты кеңейтудің перспективалы бағыттарын, сондай-ақ Қазақстандағы француз капиталының қатысуымен жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жұмысын талқылады.
Ә. Қуантыров Франция 2005 жылдан бері жалпы инвестиция көлемі 19 млрд АҚШ долларынан асатын Қазақстан экономикасындағы стратегиялық шетелдік инвесторлардың бірі екенін атап өтті. Министрдің орынбасары Қазақстанның фармацевтика, ауыл шаруашылығы, жаңартылатын энергия көздері және т.б. экономика салаларындағы жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға мүдделі екенін мәлімдеді.
Өз кезегінде С. Гиоге Францияның қазақстандық экономиканы одан әрі әртараптандыруға жәрдемдесуге бел байлағанын атап өтті, мұны елдің инвестициялық қоржынында француздар қатысатын жобалар санының артуы дәлелдейді. Осылайша, Қазақстан Республикасында басым секторларда ұсынылған компаниялар жұмыс істейді. Олардың ішінде «Alstom» – локомотив өндірісі, «Total Energies» – энергия, «Air Liquide» – техникалық газдар өндірісі, «Lactalis» – сүт өнімдерін өндіру және т.б.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар инвестициялық ынтымақтастықты нығайту бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.
- Мұқаба
- Жаңалықтар
Қазақстан мен Франция экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуде

-
1"Доллар шығарып отырған сендер..." – Лукашенко Трампқа неге шүйлікті10812"Қателескен": ЭКО жасатқан әйел басқа адамның баласын дүниеге әкелді8383Ресей Украинадан қосылған аймақтардың кен орындарына инвестиция тартады7244Қазақстанда екінші рет үйленгендер саны артып келеді5875Димаш Құдайберген маңызды мәлімдеме жасады585