Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстан мен Еуропа Кеңесі ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті

6 Мамыр 2025, 20:26
560
Бөлісу:
 Әділет министрлігі
Фото: Әділет министрлігі

Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова мен Венгрия мемлекеті Парламентінің депутаты, Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының (ЕКПА) баяндамашысы Жолт Немет мырзаның кездесуі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әділет министрлігінің мәліметінше, кездесу барысында тараптар адам құқықтары мен заң үстемдігін қамтамасыз ету салаларындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін, сондай-ақ Қазақстан мен Еуропа Кеңесі арасындағы одан әрі ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

Қазақстан мен Еуропа Кеңесі ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті

Еуропа Кеңесі құрылымдары Қазақстан Республикасына жолдаған ұсынымдарды талқылауға, сондай-ақ оларды қолданыстағы және жоспарланған реформалар аясында іске асыру мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Тараптар құқық қорғау стандарттарын ілгерілету және құқықтық институттарды нығайту мақсатында институционалдық диалог пен тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті, - делінген министрліктің хабарламасында.

Кездесу достық және конструктивті атмосферада өтті.

Қазақстан Еуропа Кеңесімен, соның ішінде ЕКПА желісі бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделілігін білдіріп, адам құқықтары саласындағы халықаралық міндеттемелерге адалдығын растады.

Өзгелердің жаңалығы