Қазақстан мен Эстонияның өкілдері көлік-транзиті бағытын дамытуды талқылады

8 Ақпан 2023, 17:49
1153
Бөлісу:
Қазақстан мен Эстонияның өкілдері көлік-транзиті бағытын дамытуды талқылады
PHOTO
Фото: ИИДМ баспасөз қызметі

Қазақстан мен Эстония көлік-транзиті саласында халықаралық дәлізді дамытуға мүдделі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 ИИДМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Эстония мемлекетінің Экономика және коммуникациялар министрлігінің вице-канцлері Каупо Ляанерандтың елімізге ресми іссапары аясында Қазақстан-Эстония жұмыс тобының 2-ші отырысы өткізіліп, екі елдің арасындағы көлік және көлік-транзитінің әлеуетін арттыру, сондай-ақ ақпараттық технологиялар саласындағы әріптестік байланысты нығайтудың жолдары талқыланды.

Қазақстан мен Эстонияның өкілдері көлік-транзиті бағытын дамытуды талқылады

Екі елдің ресми өкілдері Қазақстан мен Эстонияның көлік-транзиті бағытындағы ынтымақтастығын арттыруда теміржол тасымалының маңызы зор екенін атап өтті. 

Бұл ретте Балтық жағалауынан келген делегаттар Эстонияның теңіз академиясы Қазақстанның студенттерін оқытуға дайын екендерін жеткізді. Бұдан бөлек аталған кездесуде екі елдің көлік жүйелері мен желілеріне, сондай-ақ осы саланы реттеуге байланысты тың ақпараттар айтылды.

Қазақстан мен Эстонияның өкілдері көлік-транзиті бағытын дамытуды талқылады

Сонымен қатар Қазақстан мен Эстония аумағы арқылы Азиядан Еуропаға халықаралық көлік дәлізін дамыту, оның экономикалық пайдасы және бұл бағыттың жүктерді жеткізудегі уақыт тиімділігі мен тауар айналымы тұрғысынан басқа балама жолдармен салыстырғанда көп артықшылығы бар екені атап өтілді.

Өзгелердің жаңалығы