Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстан мен ЕО визалық ынтымақтастықты жалғастырады

Бүгiн, 06:35
169
Бөлісу:
 Сыртқы істер министрлігі
Фото: Сыртқы істер министрлігі

Қазақстан мен ЕО визалық ынтымақтастықты жалғастырады. Бұл туралы Қазақстан СІМ баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев 2 желтоқсанда Брюссельде өткен Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы жеңілдетілген визалық режим және реадмиссия бойынша келіссөздердің қорытындысы бойынша ЕО Елшісі Алешка Симкичпен кездесу өткізді.

Тараптар келіссөздердің басталуы Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы өзара сенімнің артуын, азаматтардың мобильдігін және гуманитарлық, қоғамдық байланыстарды нығайтуды көрсететінін атап өтті. Бұл процесс Орталық Азия мен ЕО арасындағы осындай алғашқы бастама болып, тарихи мәнге ие деп бағаланды.

Келіссөздер келесі жылы, 2026 жылдың ақпанында Астанада жалғасатын болады.

Өзгелердің жаңалығы