Қазақстан мен ДДҰ  ынтымақтастығы жоғары

14 Наурыз 2023, 15:14
1015
Бөлісу:
Қазақстан мен ДДҰ  ынтымақтастығы жоғары
Фото: ДСМ

Алматыда Қазақстанның төрағалығымен алғаш рет ДДҰ Еуропалық өңірлік комитетінің тұрақты отырысы өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Кездесуге Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге, Еуропалық өңірдің 12 елінен келген ӨКТК мүшелері, сарапшылар қатысты.

«Қазақстан 2020 жылдан бастап ӨКТК мүшесі болды, комитет жұмысына белсенді қатысады. 2022 жылғы қыркүйектен бастап Қазақстан өңірлік комитеттің тұрақты комитетінің төрағасы болды. Бұл дегеніміз  ел үшін үлкен мәртебе болып табылады және Қазақстан мен ДДҰ арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін көрсетеді», – дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

Қазақстан мен ДДҰ  ынтымақтастығы жоғары

Ажар Ғиният еліміздің денсаулық сақтау саласындағы реформалар туралы айта келе, министр медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру мәселесін мысалға келтірді.

Жиын барысында ӨКТК мүшелеріне өңірлік директордың есебі, Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі, оның ішінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек туралы ақпарат ұсынылды. Сондай-ақ, төтенше жағдайларға ден қою мәселелері, ДДҰ Еуропалық өңірлік комитетінің 73-сессиясы бағдарламасының жобасы және ағымдағы жылдың қазан айында Астана қаласында өтетін МСАК бойынша халықаралық конференция талқыланды.

Қазақстан мен ДДҰ  ынтымақтастығы жоғары

  Конференцияға 100-ден астам елдің, халықаралық ұйымдардың өкілдері, денсаулық сақтау саласындағы мамандар офлайн және онлайн режимде қатысты. 

Доктор Ханс Клюге демонстрациялық платформа үлгісінде, әсіресе ауылдық денсаулық сақтауда МСАК-тың үздік тәжірибелерін ілгерілету жөніндегі Қазақстанның күш-жігеріне өзінің таңданысын білдірді.

 «Адамдар тұратын елді-мекендерде денсаулық сақтау қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету өте маңызды. Бұл денсаулық сақтаудың жаңа дәуірі, ол тұрақты даму мақсаттарына және ДДҰ Еуропалық бағдарламасына өте жақын», деді Еуропалық ДДҰ басшысы.

Сондай-ақ, доктор Ханс Клюгемен кездесу барысында 2024-2025 жылдарға арналған екі жылдық ынтымақтастық туралы Келісім шеңберінде ынтымақтастықтың негізгі аспектілері талқыланды. 

Өзгелердің жаңалығы