Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Минскіде Беларусь ТЖМ басшысы Вадим Синявскиймен кездесті. Тараптар төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бағытында бірлескен жұмысты күшейтуді, мамандарды даярлау мен тәжірибе алмасуды талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кездесуде су тасқыны, орман өрттері, дауылдар сияқты табиғи апаттарға ден қою тәжірибесі, заманауи жабдықтар, сондай-ақ ЕАЭО шеңберіндегі қадағалау қызметінің өзара іс-қимылы сөз болды. Атом электр станциялары сияқты қауіпті нысандардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды.
Қазақстандық делегация төтенше жағдайларды басқарудың республикалық орталығында болып, нақты уақыт режиміндегі мониторинг жүйесімен танысты. Сонымен қатар, Әрінов Азаматтық қорғау университетіндегі қазақстандық курсанттармен кездесіп, қаза тапқан құтқарушылардың ескерткішіне гүл қойды.
Ресми сапар екі елдің азаматтық қорғау саласындағы ынтымақтастығын нығайта түсетін болды.