Қазақстан мен Беларусь сыртқы саяси жоспарлау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Беларусь сыртқы істер министрліктері арасындағы ынтымақтастық жоспарын іске асыру шеңберінде сыртқы саяси жоспарлау мәселелері бойынша департамент директорлары деңгейінде консультациялар өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Сыртқы істер министрлігі 13 Маусым 2025 2025, 07:45
13 Маусым 2025 2025, 07:45
549
Фото: Сыртқы істер министрлігі

Қазақстан мен Беларусь сыртқы істер министрліктері арасындағы ынтымақтастық жоспарын іске асыру шеңберінде сыртқы саяси жоспарлау мәселелері бойынша департамент директорлары деңгейінде консультациялар өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақ тарапын ҚР СІМ Сыртқы саяси талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры Әлім Қирабаев, белорус тарапын БР СІМ Бас ақпараттық-талдау басқармасының басшысы Вячеслав Качанов басқарды.

Консультациялар барысында тараптар сыртқы саяси жоспарлау саласындағы тәжірибемен алмасты, халықаралық және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша «сағаттарды теңестірді» және елдер арасындағы қатынастардың стратегиялық сипатын атап өтті.

Наверх