Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Бахрейн Корольдігінің Сыртқы істер министрі Абдуллатиф бен Рашид әл-Заянимен телефон арқылы сөйлесті.
Сұхбат барысында тараптар бір бірін Ораза айт мерекесімен және екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуымен құттықтады. Саяси және сауда-экономикалық салалардағы ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екендіктерін растады.
Сондай-ақ министрлер көпжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылап, қолдаулармен алмасуға уағдаласты.