Қазақстан мен Бахрейн арасында әуе қатынасы ашылды

4 Шілде 2023, 09:34
457
Бөлісу:
Қазақстан мен Бахрейн арасында әуе қатынасы ашылды
Фото: BAQ.KZ - архив

Алматы - Манама бағыты бойынша Қазақстан мен Бахрейн арасында туристік чартерлік рейстер іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөніндегі жұмыс шеңберінде ағымдағы жылдың 28 маусымынан бастап Алматы - Манама бағыты бойынша Қазақстан мен Бахрейн арасында туристік чартерлік рейстер іске қосылды, - делінген ИИДМ таратқан хабарламада.

Рейстер «SCAT» әуе компаниясымен аптасына 1 рет (сәрсенбі күндері) жиілікпен Boeing-737 үлгісіндегі әуе кемелерінде орындалады.

Осы халықаралық бағыттың ашылуы Қазақстан мен Бахрейн арасындағы мәдени, іскерлік, инвестициялық және туристік қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

Өзгелердің жаңалығы