Қазақстан мен Әзербайжан СІМ басшылары алдағы іс-шаралар кестесін талқылады

Кеше, 03:18
201
Бөлісу:
Қазақстан мен Әзербайжан СІМ басшылары алдағы іс-шаралар кестесін талқылады
Фото: Сыртқы істер министрлігі

Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Әзербайжан Республикасының Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының басшысы Ақтау қаласының маңында Әзербайжан «AZAL» әуе компаниясы ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан туыстары мен жақындарынан айырылған отбасыларына және бауырлас Әзербайжан халқына көңіл айтты. Осы қайғылы оқиғадан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.

Сұхбат барысында министрлер екіжақты қатынастардың өзекті күн тәртібін, сондай-ақ өңірлік форматтар мен халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды талқылады. Қазақстан-Әзербайжан стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі жан-жақты нығайтуға өзара дайындық расталды.

2025 жылғы алдағы іс-шаралар кестесі қаралды.

Өзгелердің жаңалығы