Қазақстан мен Әзербайжан президенттері салтанатты шараға қатысты

11 Наурыз 2024, 17:29
516
Бөлісу:
Қазақстан мен Әзербайжан президенттері салтанатты шараға қатысты
Фото: Ақорда

Қазақстан мен Әзербайжан президенттері Сиань қаласынан Апшеронға контейнерлі пойыздың келуіне орай ұйымдастырылған салтанатты шараға қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Сиань қаласындағы Қазақстан мен Қытайдың жаңа көлік-логистика орталығынан шығып, Транскаспий халықаралық көлік бағытымен (ТХКБ) Апшерон станциясына контейнерлі блок-пойыздың келуіне орай ұйымдастырылған салтанатты шараға телекөпір арқылы қатысты.

Қазақстан мен Әзербайжан президенттері салтанатты шараға қатысты

Бұған дейін биыл 28 ақпанда Сианьда Қазақстан терминалы ашылып, Қытай – Қазақстан – Әзербайжан бағыты бойынша алғашқы пойыз жолға шыққан болатын.

Мемлекет басшысы салтанатты шарада сөйлеген сөзінде қазіргідей жаһандық геосаяси тұрақсыздық жағдайында Еуразияның жаңа көлік-логистика жүйесі құрылып жатқанын атап өтті. Оның пікірінше, бұл процесте Қазақстан мен Әзербайжанның тығыз әрі табысты ынтымақтастығы басты рөл атқарады. Бірлескен күш-жігердің арқасында екі елдің сауда-экономикалық әлеуеті нығайып келеді.

Қазақстан мен Әзербайжан президенттері салтанатты шараға қатысты

Президент Ильхам Әлиев көлік саласы қызметкерлерін осы айтулы оқиғамен құттықтады. Сондай-ақ Қазақстан мен Әзербайжан ынтымақтастықтың көптеген бағыты, соның ішінде көлік-транзит саласындағы ықпалдастықты нығайту үшін белсенді жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Салтанатты шара соңында екі ел басшылары бірлесе жемісті жұмыс атқарғаны үшін қазақстандық және әзербайжандық мамандарға ризашылығын білдіріп, табыс тіледі.

Өзгелердің жаңалығы