Қазақстан мен Әзербайжан білім саласында «күрделі кооперацияға» көшеді
Қазақстан мен Әзербайжан білім саласында «күрделі кооперацияға» көшеді
Әзербайжанның ғылым және білім министрі Эмин Амруллаев мырзамен екіжақты кездесу өтті. Екі елді сенімге, ортақ құндылықтарға және тұрақты стратегиялық әріптестікке негізделген ерекше жақындық байланыстырады.
Қазақстан мен Әзербайжанның ынтымақтастығының қалыптасқан институционалдық негізі бар: 160-тан астам мемлекетаралық және үкіметаралық құжаттар әрекет етеді, тұрақты саяси диалог жолға қойылған, халықаралық алаңдарда үйлестіру қамтамасыз етілген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бакуде бірлескен ғылыми-білім беру орталығы құрылды.
Академиялық ұтқырлық кеңеюде. Университеттер тікелей өзара әрекеттесу форматтарына көшуде. Биыл Қазақстанда Study in Azerbaijan бағдарламасы іске асырылуда, ал өткен жылы осыған ұқсас бастама Бакуде жүзеге асқан болатын. Сонымен қатар, қазіргі динамика алмасу құралдарынан неғұрлым күрделі кооперация форматтарына көшуді талап етеді. Бұл бірлескен білім беру бағдарламаларын іске қосу, кадр даярлауды экономиканың қажеттіліктеріне сәйкес үйлестіру, қолданбалы ғылымды дамыту және ортақ зерттеу жобаларын жүзеге асыру туралы болып отыр, - дейді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.
Осы тұрғыда екіжақты өзара іс-қимыл шеңберінде тұрақты өңірлік білім беру және ғылыми экожүйе қалыптастыру қарастырылуда.
Маусым айында Түркістан қаласында Қазақстан Түркі мемлекеттер ұйымы елдерінің білім министрлерінің кездесуін өткізеді. Бұл қазіргі тәсілдерді өңірлік деңгейде кеңейтуге мүмкіндік береді. Қазіргі кезеңдегі жүйелі міндет - жобалар жиынтығынан ұзақ мерзімді нәтижелерге бағытталған тұтас ынтымақтастық моделіне көшу, - дейді министр.