Қазақстан мен Армения арасында тікелей әуе қатынасы қайта жандануы мүмкін. Премьер-миүистрдің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Ақорда кулуарында осы мәселе қайтадан күн тәртібіне шыққанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұрын екі ел арасында тікелей ұшақ қатынасы болған. Алайда қазір ол уақытша тоқтап тұр. Себебі Ереван әуежайында қызмет көрсету тарифтері тым жоғары. Бүгінде бір жолаушыға көрсетілетін қызмет құны – 65 доллар, ал бір тонна авиаотынның бағасы 1 248 долларға дейін көтерілген. Осы шығындарды субсидиялау мүмкіндігі қарастырылып жатыр, – деп түсіндірді Жұманғарин.
Мәліметке сәйкес, Scat пен Fly Arystan әуе компаниялары бағытты ашуға әзір.