Қазақстан мен АҚШ геология саласындағы өзара әріптестікті дамыту мәселелерін талқылады

1 Наурыз 2023, 13:45
788
Бөлісу:
Қазақстан мен АҚШ геология саласындағы өзара әріптестікті дамыту мәселелерін талқылады
PHOTO
Фото: ИИДМ баспасөз қызметі

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің Қазақстанға ресми іссапары аясында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология комитетінің төрағасы Ерлан Ақбаров АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Дэниел Розенблюммен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ИИДМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, тараптар жер қойнауына геологиялық зерттеу жүргізу саласындағы ұзақмерзімді тиімді ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылап, меморандумға қол қойды.

Қазақстан мен АҚШ геология саласындағы өзара әріптестікті дамыту мәселелерін талқылады

Айталық, жер қойнауына геологиялық зерттеу жүргізу бойынша тәжірибе алмасып, құзыреттілікті арттыру, геологиялық-геофизикалық зерттеулердің заманауи технологияларын қолдану, әсіресе пайдалы қазбаның орындарын картаға түсіру ісінде, аймақтық масштабта болжау әдістері мен модельдеуде қолғабыс етіп, сондай-ақ бірлескен ғылыми семинарларды, дөңгелек үстелдерді әрі воркшоптарды өткізу бағытында өзара байланысты нығайту жоспарланып отыр.

Кездесудің қорытындысы бойынша екі жақ іскерлік әңгімеге ризашылықтарын жеткізіп, Қазақстан ме

Өзгелердің жаңалығы