Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы және Америка Құрама Штаттары арасында аса маңызды минералдар саласы бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Құжатқа ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев пен АҚШ Сауда министрі Говард Латник қол қойды.
Бұған дейін Тоқаев АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марк Рубиомен кездескен еді.