Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов білім беру және тәлімгерлік мәселелері туралы заң жобасында ұсынылған норманың маңызын түсіндіріп берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Асхат Аймағамбетовтің сөзінше, мұндай тыйымды мектеп зайырлы ұйым болғандықтан, ол жерде діни ақпарат болмау керегін айтып, түсіндірді.
Бұл әртүрлі діни қайраткерлер мен басқа да діни әдебиеттерді немесе ақпаратты мектептерге жібермеуге негіз болады деп ойлаймын. Біздің мектеп зайырлы оқу орны. Сол себепті зайырлы институт толығымен зайырлы болуы керек. Діни әдебиетті оқығың келсе, мүмкіндігің басқа, ата-анаң бар, дегенмен балалар кәмелеттік жасқа жеткенше қорғалуы керек, өйткені оларға қорытынды жасау өте қиын, – деп айтты депутат Мәжілістің кулуарында.
Заң жобасын депутаттар қолдап, құжат Сенатқа жолданғанын еске сала кетейік.