Қазақстан-Мажарстан СІМ басшылары әріптестіктің даму перспективаларын талқылады

16 Сәуір 2020, 16:25
1594
Бөлісу:
Қазақстан-Мажарстан СІМ басшылары әріптестіктің даму перспективаларын талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мажар тарапының бастамасымен ҚР сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Мажарстан сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийяртомен телефон арқылы сөйлесті.

Бұл туралы СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

2020 жылы 10 сәуірде бейне-конференция форматында өткен Түркітілдес мемлекеттері ынтымақтастық кеңесінің кезектен тыс Саммитінің қорытындылары келіссөздердің негізгі тақырыбы болды. Атап айтқанда, қазіргі COVID-19 пандемиясы жағдайында түркітілдес елдердің өзара әрі қарай белсенді әрекеттестігі сөзге тиек болды. Мажар тарапы ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың көрші мемлекеттер – Қырғызстан мен Тәжікстанға, 5 мың тонна ұн жеткізу арқылы гуманитарлық көмек көрсету туралы шешімін жоғары бағалады, - делінген таратылған ақпаратта.

Сұхбат барысында тараптар мәселелердің кең аясы бойынша стратегиялық әріптестікті қарқындатуға келісіп, оның ішінде сауда-экономикалық ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлді.


Өзгелердің жаңалығы