Қазақстан-Латвия экономикалық ынтымақтастығы талқыланды

4 Қазан 2022, 21:37
1021
Бөлісу:
Қазақстан-Латвия экономикалық ынтымақтастығы талқыланды

Латвия астанасында «Экономикалық ынтымақтастықтың перспективалық салалары мен жаңа нысандары» атты Қазақстан-Латвия бизнес-семинары өтті6 деп хабарлайды BAQ.KZ СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараны Қазақстанның Латвиядағы Елшілігі «Kazakh Invest» компаниясы мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолдауымен ұйымдастырды.

Бизнес-семинарға Латвияның мемлекеттік органдары мен ұйымдарының, ұлттық компаниялардың, халықаралық теңіз порттарының, салалық бірлестіктер мен қауымдастықтардың, кәсіптік одақтардың, БАҚ-тардың жоғары лауазымды өкілдері, сондай-ақ іскер топтардың басшылары мен жетекші зерттеу орталықтарының сарапшылары қатысты.

Семинардың ашылу рәсімінде Қазақстан Елшісі Тимур Пірімбетов латвиялық серіктестерді Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауқымды жаңғырту күн тәртібі жөнінде егжей-тегжейлі хабардар етіп, Мемлекет басшысы ұсынған бүкіл ел азаматтарының әл-ауқатының сапалы және инклюзивті өсуіне бағытталған жаңа экономикалық бағыт мәнмәтініндегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге аудиторияның айрықша назарын аударды.

Қазақстан басшылығының инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелеріне және транзит-көліктік саласын қоса алғанда, салалық қолдау шараларына кешенді және жүйелі көзқарасы туралы ақпарат латвиялық бизнесмендер үшін іс жүзінде қызығушылық тудырды.

Транзит-көліктік саласындағы елдер арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығы мен басымдылығын Латвия Байланыс министрлігі Мемлекеттік хатшысының орынбасары, Қазақстан-Латвия көлік жөніндегі жұмыс тобының басшысы Улдис Рейманис атап өтті. Латвиялық шенеунік Латвия делегациясының ағымдағы жылғы 20-22 қыркүйекте Алматы қаласында өткен 25-ші қазақстандық «Көлік және Логистика» халықаралық көрмесіне қатысуын, сондай-ақ көрме аясында көлік жөніндегі Қазақстан-Латвия жұмыс тобының кезекті отырысын өткізуін аса жоғары бағалады.

Латвияның «LIAA» Инвестициялар және даму агенттігінің өкілі Георгий Воевода өзара инвестицияларды тартудағы оң серпінді, сондай-ақ биыл 7 айдың қорытындысы бойынша 110 млн АҚШ долларын құрап, 2021 жылғы жалпы көрсеткіштен екі есеге асып кеткен екіжақты саудадағы елеулі өсімді атап өтті.

Жалпы, бизнес-семинар барысында екіжақты экономикалық өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша Қазақстан-Латвия қатынастарын одан әрі дамыту және нығайту бойынша жан-жақты және тақырыптық пікір алмасу өтті.

Іс-шараға қатысушыларға перспективалы инвестициялық жобалар мен қазақстандық экспорттық тауарлардың жаңа тізбесі ұсынылды.

Өзгелердің жаңалығы