Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстан – Иран: саяси диалог пен экономикалық байланыстар талқыланды

Бүгiн, 06:35
147
Бөлісу:
 Сыртқы істер министрлігі
Фото: Сыртқы істер министрлігі

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Иран Ислам Республикасы Сыртқы саяси ведомствосы басшысының орынбасары Казем Гарибабадимен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде Таяу Шығыстағы және жалпы әлемдегі қазіргі ахуалдың өзекті мәселелері талқыланды.

Тараптар саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету, көлік-логистика саласындағы өзара іс-қимылды кеңейту, сондай-ақ ИЫҰ, АӨСШК және ШЫҰ аясындағы ынтымақтастық мәселелеріне назар аударды.

Иран президенті Масуд Пезешкианның 2025 жылғы 10–11 желтоқсанда Қазақстанға жасаған алғашқы ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелері бөлек қаралды. Тараптар оларды дәйекті түрде жүзеге асыруға мүдделі екенін растады.

Сонымен қатар, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Иран делегациясымен келіссөздер өткізіп, халықаралық ұйымдар аясындағы көпжақты ынтымақтастық, БҰҰ шеңберіндегі алдағы іс-шаралар және Каспий теңізіне қатысты өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Кездесулер қорытындысы бойынша тараптар Астана мен Тегеран арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және сындарлы диалогты жалғастыруға жоғары қызығушылық білдірді.

Өзгелердің жаңалығы