Қазақстан ICESCO аясындағы Ислам әлемі мәдениет министрлерінің 13-ші конференциясына қатысып жатыр

Бөлісу:
Қазақстан ICESCO аясындағы Ислам әлемі мәдениет министрлерінің 13-ші конференциясына қатысып жатыр
Фото: gov.kz

Сауд Арабиясының Жидда қаласында Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Ислам ұйымы (ICESCO) аясында Ислам әлемі мәдениет министрлерінің 13-ші конференциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Конференцияға Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше 50-ге жуық мемлекет қатысуда. Олардың арасында Ислам әлемінің мәдени мұра комитетінің мүшесі – Қазақстан да бар. Ел атынан бұл жиынға Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов барды.

Халықаралық кездесудің басты мақсаты – өркениеттер, мәдениеттер мен діндер арасында диалог орнату, ислам мәдениеті туралы объективті көзқарас қалыптастыру, сондай-ақ әділеттілік, бейбітшілік, бостандық және адам құқықтары құндылықтарын насихаттау.

Делегация басшылары конференцияның жұмыс отырысында сөз сөйлеп, осы мақсаттарға жетуге бағытталған бастамалар мен механизмдерді ұсынды.

Аталмыш іс-шараға ICESCO Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше 57 елдің 54-і келген. Мәдениет министрлері конференциясының басты мәселесі – Ислам әлемінің мәдени астанасын анықтау. 2025 жылы бұл мәртебелі атақ Өзбекстанның Самарқан қаласына берілді. 13-ші конференцияда Ислам әлемінің 2026 жылғы мәдени астанасы жарияланатын болады.

Өзгелердің жаңалығы