Қазақстан Халықаралық әскери медицина комитетіне мүше болды

10 Қыркүйек 2022, 15:15
1206
Бөлісу:
Қазақстан Халықаралық әскери медицина комитетіне мүше болды

Қазақстан «Халықаралық әскери медицина комитеті» үкіметаралық ұйымына бақылаушы ретінде ресми түрде қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, еліміздің кандидатурасын аталған ұйымға мүше 119 мемлекет бір ауыздан қолдаған. 

2022 жылы ҚР Бельгиядағы елшілігінің бастамасы бойынша ҚР СІМ ҚР Қорғаныс министрлігімен бірге ХӘМК еліміздің мүшелікке өтуі туралы өтінішті әзірледі. Ол 5-9 қыркүйекте Брюссельде өткен кезекті дүниежүзілік конгресс барысында қаралып, ұйымға мүше мемлекеттердің оң шешімін алды, - делінген ведомство таратқан хабарламада. 

Қазақстанның Бельгиядағы елшісі Марғұлан Баймұханның айтуынша, ХӘМК бақылаушы мемлекет мәртебесін алу қазақстандық мамандарға әскери-медициналық қызметтің кәсіби деңгейін арттыруға жол ашады. Сонымен қатар  осы маңызды салада тәжірибе алмасу үшін пайдалы алаңға айналады. 

Өзгелердің жаңалығы