Қазақстан халық партиясының сайлауалды штабы ашылды

18 Ақпан 2023, 20:38
1121
Бөлісу:
Қазақстан халық партиясының сайлауалды штабы ашылды
Фото: Партияның баспасөз қызметі

«Қазақстан Халық партиясы» үгіт-насихат жұмыстарының басталуына орай республикалық сайлауалды штабының отырысын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.

Жиынға осы ұйымның атынан тіркелген кандидаттар және өңірлік филиалдардың басшылары онлайн қатысты. Қоғамдық бірлестік осы науқанға өзінің сайлауалды бағдарламасын әзірлеген. Құжатта әділетті қоғам, салық саясатын өзгерту, экономиканы дамыту, қорғаныс саласын жетілдіру, әлеуметтік саясат, қалалар мен өңірлерді дамыту сынды бағыттар қамтылған. Енді оны сайлаушыларға жан-жақты түсіндіруді көздеп отыр. Қазақстан Халық партиясының тізімінде 52 адам бар.

Штаб өз жұмысын бастады. Күнтізбелік жоспар бойынша еңбек ұжымдары, тұрғындармен кездездесулер өткіземіз. Алдағы 1 ай ішінде ірі қалалар мен аудан және ауылдық жерлдерде 3 мыңға тарта шара өткізу жоспарланған, – деді партия төрағасы Ермұхамет Ертісбаев.

Өзгелердің жаңалығы