Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстан халқының саны 20,4 миллион адамға жетті

3 Қараша 2025, 23:13
562
Бөлісу:
 Уикипедия
Фото: Уикипедия

Қазақстан халқының саны 2025 жылғы 1 қазандағы мәлімет бойынша 20 445 231 адамға жетті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жыл басынан бері халық саны 161 832 адамға артқан. Оның ішінде:

  • табиғи өсім есебінен – 151 632 адам,
  • көші-қон есебінен – 10 200 адам.

Бюро деректеріне сәйкес, қазіргі таңда жеті өңірде халық саны 1 миллионнан асты. Олар:

  • Алматы қаласы – 2 337 023 адам
  • Түркістан облысы – 2 148 207 адам
  • Астана қаласы – 1 612 512 адам
  • Алматы облысы – 1 586 875 адам
  • Шымкент қаласы – 1 286 087 адам
  • Жамбыл облысы – 1 216 849 адам
  • Қарағанды облысы – 1 131 818 адам

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ел халқының өсімі негізінен табиғи жолмен қамтамасыз етіліп отыр.

Өзгелердің жаңалығы