«Қазақстан халқына» қорының білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ Қордың ресми сайтына сілтеме жасап.
Грант бойынша құжаттарды қабылдау 2023 жылғы 10-19 тамыз аралығында өтті. Бағдарламаға барлығы 84 ұлттық, мемлекеттік және жекеменшік жоғары оқу орындары қатысты. Үміткердің бағдарлама критерийлеріне сәйкестігіне талапкерлерді іріктеуді және ұсынуды конкурстық комиссиялары жүргізді.
Білім гранттары талапкерлерге бағдарламаның мына критерийлері бойынша берілді:
- ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған отбасылардан - 197 талапкер немесе 24,1%;
- жетім немесе кәмелетке толғанға дейін ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар - 177 талапкер немесе 21,6%;
- мүгедектігі бар - 181 талапкер немесе 22,1%;
- мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан - 261 талапкер немесе 31,8%;
- 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиға кезінде қайтыс болған ҚР азаматтарының балалары - 2 талапкер;
- 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиға кезінде жараланған балалар - 1 талапкер.