«Қазақстан халқына» қоры 17 ауылдық мектепті жабдықтайды

9 Қараша 2022, 15:58
1389
Бөлісу:
«Қазақстан халқына» қоры 17 ауылдық мектепті жабдықтайды
PHOTO
Фото: автордан

 «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен Ертіс ауданындағы ауыл мектебінің материалды-техникалық базасы нығая түсті. Білім беру ошағындағы 34 кабинет жаңғырды, деп хабарлайды Павлодар облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

«Қазақстан халқына» қорының ресми өкілі Диас Бейсенбектің айтуынша, ауыл мектептерін қолдаудағы мақсат – білім беру саласындағы жүйелі мәселелерді шешу.

Биыл «Тірек метептерді дамыту» бағдарламасы іске қосылды. Республика бойынша 17 тірек білім беру ошағын жабдықтау жоспарланған. Нақтырақ айтқанда, мектептердің материалдық-техникалық базасы нығайтылады, кабинеттердегі құрал-жабдықтар зжаңартылады, сонымен қатар, мектептерге білім беру үрдісінің сапасын арттыру, сараптама жасау бойынша көмек көрсетіледі. Қазіргі уақытта екі нысан жаңғыртылды. Біріншісі Ақмола облысында орналасқан, ал екіншісі Ертіс ауданының №4 орта мектебі», - дейді Диас Бейсенбек.

Әр мектепті жабдықтауға 250 млн. теңгеден бөлінген. Бағдарламаның бюджеті 4 млрд. теңгеге шақталған. Мектептерді жиһаз, компьютер, сатып алумен қатар, шеберханалар жабдықталды. Сонымен қатар, Назарбаев зияткерлік маектебінің қолдауымен мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылмақ. 

«Қазақстан халқына» қоры 17 ауылдық мектепті жабдықтайды

Қордың қолдауымен физика, химия, биология кабинеттері заманауи құралдармен жабдықталды. Көркем еңбек сабағы үшін тігін машиналары, ал роботехника кабинетіне 20 компьютер сатып алынды. Бүгінде бұл бағытқа қызыққан оқушылар көп.

Жаңарған кабинеттің ішінде логопед мен психолог орындары бар. Енді ауыл балаларының шығармашылық кабинеттерін дамыту мақсатында мектепте теле және көркемсурет студиялары пайда болды. Балаларымыз жаңашыл технологияларды меңгере алады, - дейді мектеп директоры Наталья Нұрсейітова.

Ертіс ауданының №4 мектебі осыдан 18 жыл бұрын ашылған. Бүгінгі таңда 300-ден астам ұл-қыз оқиды.

Өзгелердің жаңалығы