Қазақстан халқы Ассамблеясы журналистер клубының көшпелі отырысы өтті

3 Шілде 2022, 09:47
1669
Бөлісу:
Қазақстан халқы Ассамблеясы журналистер клубының көшпелі отырысы өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көкшетау қаласындағы достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы журналистер клубының көшпелі отырысы өтті.

Жиынға  АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ.Н. Шойкин, «Қоғамдық келісім» РММ директоры Ғ.М. Құсманғали, «AbaiTV» телеарнасының директоры, Қазахстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының төрағасы А. Кеңесұлы, «Qazcontent» басқарма төрағасының орынбасары Д. Уалиханов, «Астана» радиосының директоры С. Танашева, фрилансер, блогерлер және Қазақстан халқы Ассамблеясының журналистер клубының мүшелері қатысты.

Қазақстан халқы Ассамблеясы журналистер клубының көшпелі отырысы өтті

ҚХА Журналистер клубының мақсаты – консультативтік-сарапшылық платформада тұрақты түрде қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту және бұл бағытта қалам тартатын БАҚ өкілдері, блогерлер мен сарапшылардың күш-жігерін біріктіру болып табылады.

Шараға қатысқан журналистер ҚХА қызметін жариялау мәселелері бойынша тәжірибе алмасу, этносаралық қатынастардағы ақпараттық ресурстар мен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу мақсатында бас қосты.

Өзінің алғы сөзінде Ғ. Шойкин ҚХА журналистер клубының этносаралық, қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті сақтаудағы БАҚ-тың күш-жігерін біріктіруге көмектесетін алаң ретіндегі рөліне тоқталды. Ғ. Шойкин отырысқа қатысушыларды этносаралық саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтары, жеткен жетістіктер мен проблемалық мәселелер, этносаралық қатынастарды ақпараттық жариялаудың ерекшеліктері туралы хабардар етті. Сондай-ақ, спикер журналистердің сұрақтарына жауап беріп, мемлекеттік органдардың этносаралық коммуникацияны дамыту жөніндегі қызметінің өзекті аспектілері мен тетіктері, Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің жаңа бағыттары туралы пікірімен бөлісті.

Қазақстан халқы Ассамблеясы журналистер клубының көшпелі отырысы өтті

Пікір алмасу форматында өткен отырыс барысында БАҚ пен әлеуметтік желілерде этносаралық қатынастар мәселелерін дұрыс ұсыну және жариялау, бірлік пен келісімді танымал ету мақсатындағы ақпараттық жобалар туралы, әлеуметтік желілерде ақпараттық контентті ілгерілетудің тиімді құралдары туралы мәселелер талқыланды.

Отырыс соңында қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

Өзгелердің жаңалығы