Грекияның Сыртқы істер министрі Никос Дендиас Қазақстан Республикасына алғашқы рет сапар жасады, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Дендиас ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесті.
Оның айтуынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болғанда екі елдің әлеуетін талқылаған.
Өздеріңізге белгілі, 2021 жылы біз Афинада екіжақты консультация өткіздік. Оның келесі раунды Қазақстанда өтеді. Бүгінгі таңда екі ел қарым-қатынас орнатқанына 30 жыл толды. Бұл қарым-қатынасты одан әрі нығайту бағытында жұмыстарды жалғастырып жатырмыз. Сонымен бірге біздің институттар арасында да байланыс нығайып жатыр, - деді ол.
Сөзінше, бүгінгі таңда Грекия үкіметі мен Қазақстан 300-ші келісім құжатына қол қойып отыр.
Грекия Қазақстаннан алыс қашықтықта орналасқан. Бірақ біздің арамыздағы достық қарым-қатынас өте тығыз. Мұны Қазақстанда тұрып жатқан 10 мың грек этносы мен мыңдаған қазақстандықтардың Грекияда тұруы дәлел болады. Сонымен бірге мен Қазақстан Үкіметіне ризашылығымды білдіргім келеді. Бізді Ақтау қаласында күтіп, консулдық ғимарат ашқандарыңызға рақметімді айтамын. Бұдан әрі қарай да ынтымақтастық байланысымызды БҰҰ арқылы жүргіземіз деген үміттемін, - деді Грекияның Сыртқы істер министрі.