Қазақстан футболдан Еуропа чемпионатын өткізуге өтінім берді

17 Тамыз 2023, 01:20
748
Бөлісу:
Қазақстан футболдан Еуропа чемпионатын өткізуге өтінім берді
Фото: kff.kz

Қазақстан 2026-2027 жылғы Еуропа чемпионатын Алматы мен Шымкентте өткізуге өтінім берді, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап.

Бұған дейін федерация 19 жасқа дейінгі қыздар арасында 2022/23 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің матчтарын өткізуге рұқсат алған.

Біз әлемдік футбол аренасында өз позициямызды нығайтуға белсенді түрде ұмтылудамыз. 2026-27 жылғы 19 жасқа дейінгі Еуропа чемпионатын Алматы мен Шымкентте өткізуге өтінім берілді. Бұл сұрақтың жауабы ағымдағы жылдың қыркүйек айында белгілі болады деп күтіп отырмыз, – деді федерация басшысы Әділет Назарбайұлы.

Сондай-ақ федерация президенті УЕФА ұсынған испаниялық маман Хуан Антонио Мариннің басшылығымен қазақстандық төрешілер мен делегаттар халықаралық матчтарға белсене қатысып, өз жұмыстарына жоғары баға алып жүргенін айтады.

Өзгелердің жаңалығы