Қазақстан – Финляндия матчы: астаналықтар қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет

6 Қыркүйек 2023, 20:01
914
Бөлісу:
Қазақстан – Финляндия матчы: астаналықтар қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет
Фото: Елорда әкімдігі

«Астана Арена» стадионында 7 қыркүйек күні ЕУРО-2024 іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Финляндия матчы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осыған байланысты қала әкімдігі астаналықтарға көлік кептелісін болдырмау үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет екенін ескертеді.

ЕУРО-2024 іріктеу турнирі 7 қыркүйек, яғни бейсенбі күні сағат 20:00-де өтеді. Бұл құрама командамыздың ЕУРО-2024 чемпионатына шығу үшін шешуші кездесулердің бірі. Қазірдің өзінде 30 мыңға жуық билет сатылып кетті. Стадион лық толы болады деп күтіліп отыр.

Ойын «Астана Арена» стадионында өтетіндіктен, Тұран мен Қабанбай батыр даңғылдарына көлік нөіпір шамадан тыс көп болуы мүмкін.

Көлік кептелісін болдырмау үшін жүргізушілер жүрер жолын алдын ала жоспарлауы қажет. Сонымен қатар, қоғамдық тәртіп сақталуы керек.

Айта кетейік, 10 қыркүйек күні сағат 19:00-де Астанада Қазақстан құрамасы Ирландия құрамасымен ойнайды.

Өзгелердің жаңалығы