Еліміздің көлік саласына жауапты министрлігі мен Финляндияның Көлік және коммуникация министрлігі көлік және логистика жөніндегі жұмыс тобының үшінші отырысын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Күн тәртібінде көлік саласын цифрландыру, азаматтық авиация, теміржол және автомобиль тасымалдары бойынша тәжірибе алмасу мәселелері қаралды. Атап айтқанда, тараптар электрондық рұқсат бланкілерімен алмасу мүмкіндігін талқылады.
Сондай-ақ отырыс барысында қос тарап екі елдегі көлік секторының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.
Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы хаттамаға қол қою туралы уағдаласып, көлік саласында тәжірибе алмасу үшін жұмыс сапарларын ұйымдастыруға дайын екендіктерін айтып жеткізді.