Қазақстан FIFA тізімінде үш сатыға көтерілді

7 Сәуір 2023, 11:16
964
Бөлісу:
Қазақстан FIFA тізімінде үш сатыға көтерілді
Фото: ҚФФ

Халықаралық футбол федерациясының жаңа тізімінде біздің команда 112-ші орынға жайғасты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Топ басында әлем чемпионы Аргентина тұр. Сосын Франция, Бразилия бар. Наурызда Еуро-2024 іріктеу турнирінде Магомед Адиевтен тәлім алатын ұлттық құрама Даниядан басым түскен еді. Осы жеңіс рейтингке әсер етті. Ал Дания рейтингте 19-шы орында тұр. Қазақстан құрлық біріншілігіне іріктеу турниріндегі келесі кездесуін Сан-Мариномен өткізеді.

Өзгелердің жаңалығы