Қазақстан Еуроодақ елдерімен экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге және нығайтуға ниетті – Смайылов

19 Шілде 2022, 16:06
1319
Бөлісу:
Қазақстан Еуроодақ елдерімен экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге және нығайтуға ниетті –  Смайылов
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «Қазақстан-Еуроодақ» диалог платформасының отырысын өткізді.

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Шараға Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігінің басшысы, Германия, Франция, Испания, Литва, Польша, Бельгия, Швеция, Словакия, Эстония, Хорватия, Нидерланд, Болгария, Чехия, Латвия, Финляндия, Италия, Аустрия, Грекия және Румынияның еліміздегі елшілері, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың басшылары қатысты.

Ең бастысы Қазақстан мен ЕО елдері арасындағы тауар айналымы 2022 жылдың 6 айында $20,1 млрд құрады. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 51,2%-ға көп. 1-тоқсанның қорытындысы бойынша жалпы шетелдік инвестициялардың елге келуі 54%-ға артып, $6,8 млрд құрады. Бұл орайда тау-кен өндіру өнеркәсібіне капитал тарту деңгейі 35,7%-ға өсіп, $3,5 млрд құрады. 

Қазақстан Еуроодақ елдерімен экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге және нығайтуға ниетті –  Смайылов

Біз Еуроодақтың Қазақстанның тау-кен өнеркәсібіне қызығушылық танытып отырғанын көріп отырмыз. Осы саладағы ынтымақтастықтың әлеуеті зор. Осыған байланысты Еуропалық Одақ елдерінің геологиялық қызметтерін цифрландыру, геология ғылымын дамыту және салалық инфрақұрылым саласында серіктес болуға шақырамыз, — деді Әлихан Смайылов. 

Саланы автоматтандыру аясында жер қойнауын пайдалану саласындағы барлық қолданыстағы ақпараттық жүйелерді біріктіру және интеграциялау арқылы Kaznedra бірыңғай платформасы құрылады. Бұл платформа инвесторларға «бір терезе» режимінде кешенді сервистік қызмет көрсетуге ықпал ететін болады. 

Өзгелердің жаңалығы