Шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасы Канаданың Монреаль қаласында өтіп жатқан Әлем Кубогының алғашқы кезеңінде эстафетада 2-орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ kazsports.kz сілтеме жасап.
А тобының финалында Қазақстанмен бірге Италия, Оңтүстік Корея және Канада шеберлік байқасты. Бұл квартетте мәре сызығын Оңтүстік Корея бірінші болып қиды (7:01.850). Ал біздің Ұлттық құраманың нәтижесі: 7:07.972. Қола медаль Канадаға бұйырды.
Айта кетейік, кеше жартылай финалдағы алғашқы топта Қазақстан, Канада, Қытай мен Жапония құрамасы жарысып, 5 шақырымды бірінші болып жарыс қожайындары бағындырды (7 минут, 9 секунд). Құрамында Абзал Әжғалиев, Нұртілек Қажығали, Әділ Ғалиахметов пен Денис Никиша бар Ұлттық құрама олардан 2 секундқа қалса, да ақтық сынға жолдама алды (7:11 секунд).
Енді Әлем Кубогының келесі кезеңі АҚШ-тың Юта штатындағы Солт-Лейк-Сити қаласында өтеді.