2026 жылы Қазақстанда 173 МВт-тық ЖЭК нысандарын қоса алғанда, шамамен 2,6 ГВт жаңа қуат көзі іске қосылатын болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әр жобаға нақты тоқталсақ:
- «Текелі энергия кешені» ЖШС қуаты 17 МВт болатын 3 жою қазандығы мен бу турбинасы іске жосуды жоспарлауда, мерзімі – 2026 жылдың маусымы.
- «Атырау ЖЭО» ЖШС №11 турбоагрегат пен №15 қазандықты пайдалануға береді, қуаты: 59,6 МВт, мерзімі – 2026 жылдың желтоқсаны.
- Қызылорда облысында 2026 жылдың тамызында 240 МВт-тық бу-газды қондырғы (БГҚ);
- Түркістан облысында 2026 жылдың желтоқсанында 1000 МВт-тық бу-газды қондырғы (БГҚ);
- Алматы қаласындағы ЖЭО-2-де 2026 жылдың желтоқсанында 557 МВт-тық бу-газды қондырғы (БГҚ); Алматы қаласындағы ЖЭО-3-те 2026 жылдың желтоқсанында 544 МВт-тық бу-газды қондырғы (БГҚ) пайдалануға беріледі.
Сондай-ақ 2026 жылдың желтоқсанында жалпы қуаты 173 МВт болатын ЖЭК нысандары іске қосылмақ.
2027 жылдың І тоқсанына қарай Қазақстан энергиямен толықтай қамтылып, энергиядан тапшылық көріп отырған елдер қатарынан шығады.
Бұған дейін Үкімет басшысы Олжас Бектенов энергетика басшыларын "жұмыстарыңыз кабинетте емес, құрылыс алаңында" деп ескерткен еді.