Қазақстан елшісі Мысырдың Әлеуметтік ынтымақтастық министрімен кездесу өткізді

18 Сәуір 2022, 22:00
1016
Бөлісу:
Қазақстан елшісі Мысырдың Әлеуметтік ынтымақтастық министрімен кездесу өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан елшісі Қайрат Лама Шарифтің Мысырдың Әлеуметтік ынтымақтастық министрі доктор Невин әл-Каббаджмен кездесуінде әлеуметтік серіктестік және халықты әлеуметтік қолдау шараларын қамтамасыз ету бойынша тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Қазақстандық дипломат министрді елімізде жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы хабардар етті.

Сонымен қатар Невин әл-Каббадж өз кезегінде халықтың әлеуметтік жағдайы төмен топтарын, соның ішінде көп балалы отбасылар мен жастарды қолдауға бағытталған Мысырдың жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалары туралы айтты. Министрліктің басшысы аз қамтылған отбасылардан шыққан студенттерді қолдауға арналған «Ынтымақтастық пен абырой»; Мысырдағы баспанасыз мәселесін шешуге бағыттылған «Біз сіздермен біргеміз»; микрожобаларды қаржыландыру арқылы кедей жанұялардың табыс деңгейін арттыруға арналған «Мүмкіндік»; тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында «Лайықты баспана», сондай-ақ халықтың шамадан тыс өсуін тежеуге бағытталған «Екі бала жеткілікті» мен жастар арасында ажырасуды азайтуға арналған «Жақындық»; «Болашағымыз өз қолымызда»; «Жастар өз еліне қызмет етеді» және тағы басқа әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асырудағы тәжірибесімен бөлісті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Мысыр үкіметаралық комиссиясының келесі отырысына дайындық шеңберінде өзара тәжірибе алмасу мен әлеуметтік стратегияны және азаматтық әріптестікті жүзеге асыру бойынша бірқатар мәселелерді талқылап, сондай-ақ әлеуметтік саладағы ынтымақтастық туралы мекемеаралық келісім жобасын әзірлеуге келісті.

Өзгелердің жаңалығы