Қазақстан Елшісі Дәулетбек Құсайынов «Rideau Hall» резиденциясында Канаданың Генерал-губернаторы Мэри Саймонға сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Салтанатты рәсім барысында Қазақстанның жаңадан тағайындалған Елшісі Астана мен Оттава арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға және тереңдетуге дайын екенін жеткізіп, көрсетілген құрмет үшін алғысын білдірді.
Өз кезегінде Канада Генерал-губернаторы қазақстандық дипломатқа екі ел халықтарының игілігі жолындағы жұмысына табыс тіледі.
2023 ж. сәуірде Қазақстан мен Канада арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 31 жыл толуын атап өтті.