Қазақстанның Ирландиядағы елшісі қызметін қоса атқарушы Мағжан Ілиясов Ирландия Президенті Майкл Д. Хиггинске сенім грамоталарын табыс етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Ирландия Президентімен сұхбаты барысында елдер арасындағы екіжақты қатынастар және оларды өзара сауда айналымы мен инвестициялық ынтымақтастықты арттыру арқылы тереңдету жолдары талқыланды.
Мағжан Ілиясов сондай-ақ ирландиялық тарапты Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформалар туралы хабардар етті.
Сонымен қатар ҚР Елшісі Ирландия Сыртқы істер министрлігінің, Кәсіпкерлік, сауда және жұмыспен қамту министрлігінің және Ирландияның «Ibec» өнеркәсіптік қауымдастықтар федерациясының өкілдерімен кездесті.