Қазақстан Елшісі Индонезия Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстан Елшісі Сержан Әбдікәрімов Индонезия Республикасының Президенті Джоко Видодоға сенім грамоталарын тапсырды. Салтанатты шара «Istana Merdeka» (Тәуелсіздік сарайы) Президент сарайында өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

9 Желтоқсан 2023 2023, 06:42
АВТОР
 gov.kz 9 Желтоқсан 2023 2023, 06:42
9 Желтоқсан 2023 2023, 06:42
843
Фото: gov.kz

Қазақстан Елшісі Сержан Әбдікәрімов Индонезия Республикасының Президенті Джоко Видодоға сенім грамоталарын тапсырды. Салтанатты шара «Istana Merdeka»  Президент сарайында өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шара барысында қазақстандық дипломат Индонезия Президентіне Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы сәлемін жеткізіп, қазақстандық-индонезиялық қатынастарды одан әрі нығайтуға бар күш-жігерін салуға ниетін білдірді.

Президент Джоко Видодо 2023 жылғы 2 желтоқсанда Дубайда өткен БҰҰ Климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясы аясында Қазақстанның басшысымен кездесуін жылы лебізбен еске алып, Елшіге дипломатиялық қызметінде табыстар тіледі.

Наверх