Қазақстан елшісі Аустрияның Федералдық Президентіне cенім грамоталарын тапсырды

29 Қыркүйек 2023, 23:13
911
Бөлісу:
Қазақстан елшісі Аустрияның Федералдық Президентіне cенім грамоталарын тапсырды
Фото: СІМ баспасөз қызметі

Қазақстанның Аустриядағы Елшісі Мұхтар Тілеуберді Аустрияның Федералдық Президенті Александр Ван дер Белленге сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Хофбург сарайында өткен салтанатты рәсімде ҚР Елшісі Аустрия Президентіне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебіздері мен ізгі тілектерін жеткізді. Өз кезегінде, Федералдық Президент жақында Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында Мемлекет басшысымен өткен кездесуін атап өтті.

Әңгімелесу барысында тараптар халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар маңызды мәселелер бойынша ұстанымдардың ортақтығын, оның ішінде теңізге шыға алмайтын елдер ретінде өзара қолдауды, ЕҚЫҰ институтын нығайту қажеттігін, сондай-ақ заманауи геосаяси сын-қатерлерге қарсы тұру мүмкіндіктерін атап өтті.

Орталық Азия аймағының маңыздылығын ескере отырып, тараптар жоғары деңгейде өзара сапарларды ұйымдастыру мүмкіндігін талқылауға келісті.

Кездесу соңында Аустрия Президенті Елшіні қызметінің ресми басталуымен құттықтап, екіжақты қатынастарды одан әрі нығайту ісіне табыс тіледі.

Өзгелердің жаңалығы