Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Нажмедин Мұхаметәліұлы БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянға сенім грамоталарын табыс етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Салтанатты рәсім шеңберінде болған әңгімелесу барысында Елші Н.Мұхаметәліұлы Әмірліктер басшысына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебіздері мен ізгі тілектерін жеткізіп, екі ел арасындағы әр түрлі саладағы ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға мүдделігімізді қуаттады.
Қазақстандық дипломат шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянға Қазақстан Президенті бастамашылық еткен саяси және экономикалық реформалардың өзекті жай-күйімен таныстырды.
Әңгіме соңында БАӘ Президенті Елшіні ресми қызметке кірісуімен құттықтап, екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайту ісіне сәттілік тіледі.