Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстан экономикасы қалай өсіп жатыр?

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
19 Тамыз 2025, 18:00
1231
Бөлісу:
 BAQ.KZ
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Экономист Айбар Олжай "Экономикалық шолу" бағдарламасында Қазақстан экономикасы қалай өсіп жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2025 жылдың басында экономикамыз 5,6%-5,3% коридорында өседі деген болжам болды. Мұның өзі жаман емес, себебі белгілі бір тоқыраудан, орта табыс тұзағынан құтылып кету үшін бізге кемінде жылына экономикамызды 5%-дан астам деңгейде өсіріп отыру керек. Қазақстан осы тапсырманы ойдағыдай орындап жатыр, - деді сарапшы.

Оның айтуына қарағанда, 2025 жылдың бірінші тоқсанында бізде өсу көрсеткіші 5,8% болған. Ал 7 ай өткеннен кейін экономикалық өсім 6,3%-ға көтерілді. 
Сондай-ақ еліміз үшін төртінші тоқсанның қазан айы маңызды. 

Болжам бойынша еліміздің экономикалық өсімі 2025 жылдың қорытындысы бойынша 5,9%-дан кем болмауы тиіс. Шамамен 6%-ға жетеді деген үміт бар, - деп түсіндірді Айбар Олжай.

Қазақстан экономикасы қалай өсті?

Қазақстан экономикасының 1991 жылы Тәуелсіздік алғаннан бергі 20 жылын сараптасақ, біздің экономикамыздың өсуі тек мұнай бағасының өсуімен байланысты болып отырды. Яғни мұнай бағасы өссе, біздің экономикамыз өсті. Құласа, баяуладық. Солай келдік. 2020 жылдан бастап экономикамызда құрылымдық өзгерістер бола бастады. Енді экономикамыз, ІЖӨ-міз әлемдегі мұнай бағасының өсуіне тікелей тәуелді емес. Демек біз белгілі бір шиказатқа тәуелді болудан құтылудың алғашқы фазасына ендік. Бұл нені білдіреді? Мұнайдың бағаларының ауытқуынан экономикамыздың білгілі бір дәрежеде ажырауы дамуымыздың сандық емес, сапалы режиміне өскенімізді көрсетеді, - деп айтты экономист.

Видео: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы