Қазақстан экономикасы 2022 жылы оны 3,9-4,2%-ға өседі – Ұлттық банк

8 Ақпан 2022, 11:50
2006
Бөлісу:
Қазақстан экономикасы 2022 жылы оны 3,9-4,2%-ға өседі – Ұлттық банк

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы  Ғалымжан Пірматов Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты.

Үкіметпен бірлескен жұмыс арқасында бір жыл ішінде мемлекеттік бағалы қағаздар нарығындағы нарықтық инвесторлардың үлесі 32,7%-дан 69,2%-ға дейін ұлғайды.  Ұлттық Банктің басқаруымен активтердің кірістілігі: Ұлттық қор бойынша - 4,2%, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша - 11,1% мөлшерінде қамтамасыз етілді, - деді ол. 

Піртматов атап өткендей, қаржылық технологиялар мен инновацияларды дамыту мақсатында Ұлттық төлем жүйесі пилоттық режимде іске қосылды, цифрлық теңге платформасының прототипін әзірлеу аяқталды. 

Бұдан әрі осы бағыттардың әрқайсысына толығырақ тоқталып өтейін. Халықаралық валюта қорының бағалауы бойынша, 2021 жылы жаһандық ішкі жалпы өнімнің өсу қарқыны 40 жылдан астам уақыт ішінде ең жылдам болып, 5,9%-ды құрады.  2022 жылы экономиканың қалпына келуі жалғасады, бірақ өсу қарқыны төмендеп, Халықаралық валюта қорының болжамдары бойынша 4,4%-ды құрайды. Халықаралық ұйымдардың бағалауы бойынша, Қазақстан экономикасы 2022 жылы 3,7-4,0%-ға өседі, Ұлттық Банк оны 3,9-4,2% деңгейінде болжап отыр,- деді Пірматов. 

 

Өзгелердің жаңалығы