Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде биыл және алдағы жылдарға арналған жұмыстың негізгі бағыттарын атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде осы жылы және кейінгі жылдарға арналған жұмыстың негізгі бағдарлары Мемлекет басшысы қойған басымдықтар мен міндеттерді практикалық іске асыру, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ нарығында қазақстандық тауарлардың еркін өтуіне кедергі келтіріп отырған мәселелерді анықтау және оларды жою, - дейді ол.
Сондай-ақ вице-премьер ЕАЭО аясында мемлекеттік қолдау шараларына қатысты келісімге қол жеткізілгенін атап өтті. Оның сөзінше, Одаққа мүше әрбір ел қолданатын мемлекеттік қолдау көлемі келісілген мәндерден аспауы тиіс.
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары ұлттық деңгейде әрбір ел қолданатын мемлекеттік қолдау шараларының көлемі келісілген мәндерден аспауға тиіс екендігі туралы келісімге қол жеткізілді. Жалпы алғанда, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қорғау және ілгерілету, сондай-ақ теңгерімді сауда саясатын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады, - дейді Жұманғарин.
Біз бұған дейін ЕАЭО-ның жаңа келісімдері Қазақстанға қандай пайда әкелетіні жайында жазған едік.