«Qazaqstan дауысы. Балалар» мегажобасының жеңімпазы анықталды

16 Шілде 2023, 05:43
2879
Бөлісу:
«Qazaqstan дауысы. Балалар» мегажобасының жеңімпазы анықталды
Фото: видеодан скриншот

Наурыз айынан бері отандық телеарналардағы сенбілік бағдарламалар арасында рейтингте көш бастап, ең көп көрермен жинаған «Qazaqstan дауысы. Балалар» жобасы мәресіне жетті деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тәлімгерлер мен көрермен таңдауы бойынша 4 финалистің арасынан Нұршат Құсанова үздік шығып, жеңімпаз атанды.Play Video

Атыраулық Нұршат Құсанова халықаралық ән байқауларының жеңімпазы, Junior Eurovision - 2020 байқауының финалисі. Музыкалық мегажобаның алғашқы кезеңінде композитор Арман Дүйсеновтің «Туған жер» әнін орындап, 2 тәлімгерді өзіне қаратқан ол әнші Жұбаныш Жексенұлының тобында өнер көрсетті.

«Qazaqstan дауысы. Балалар» жобасы - әлемнің 100-ден астам елінде көрсетілген әйгілі «The Voice. Kids» телешоуының қазақстандық нұсқасы. Биыл байқауға қатысуға «Qazaqstan» телеарнасының ресми сайты арқылы 6 мыңнан астам үміткер өтінім берді. Олардың арасынан 100-ден астам қатысушы «Көрмей таңдау» кезеңіне шақырту алды. Жоба тәлімгерлері әнші Жұбаныш Жексенұлы, эстрада және опера әншісі Толқын Забирова, әнші, сазгер Мархаба Сәби және әнші, «Ninety One» тобының мүшесі ALEM алғашқы кезеңде өз тобына 15 баладан іріктеп, үздік шыққан 60 бала «Жекпе-жек» кезеңінде сынға түсті.

Өзгелердің жаңалығы