Қазақстан дәріханаларынан отандық препараттар жоғалып кетуі мүмкін

22 Ақпан 2024, 13:50
685
Бөлісу:
Қазақстан дәріханаларынан отандық препараттар жоғалып кетуі мүмкін
Фото: pixabay.com

ДСМ отандық дәрі-дәрмектердің Қазақстан дәріханаларынан жоғалып кетуі мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

BaigeNews.kz сайтының ақпаратына сәйкес Фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының президенті Марина Дурманова жақында отандық дәрі-дәрмектің көп бөлігі еліміздің фармацевтикалық нарығынан ығыстырылуы мүмкін екенін атап өтті.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасына сәйкес дәрілік заттарға берілген барлық тіркеу куәлігінің күші жойылады. Салдарынан отандық кәсіпорындарда шығарылатын және дәріханаларда сатылатын дәрі-дәрмектердің басым бөлігі нарықтан кетуге мәжбүр болады, - деді Дурманова ведомство алқасының кеңейтілген отырысында.

Қауымдастық президенті Әлназароваға өтінішпен жүгініп, тіркеу куәліктерін сақтап қалу жөнінде шаралар қабылдау қажет екенін айтты.

Сондай-ақ қауымдастық басшысы фармацевтика саласындағы бірқатар мәселеге назар аударды. Олардың бірі - отандық өндірісті дамыту үшін заңнамаға қажетті нормаларды жылдам енгізу тетігінің болмауы дейді.

Бұдан бөлек ол дәрі-дәрмек өндірісіне инвестиция салуға арналған "жасыл дәліз" жоқ екенін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы