Қазақстан Чехиядан 4 тікұшақ сатып алады

24 Қыркүйек 2024, 12:51
322
Бөлісу:
Қазақстан Чехиядан 4 тікұшақ сатып алады
Фото: Арман Мухатов - архив

Төтенше жағдай министрі Шыңғыс Әрінов Қазақстан лизинг арқылы Чехиядан 4 тікұшақ сатып алатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Төтенше жағдай министрлігіне бірталай ұшақ керек. Біздің ойымызша, келешекте 20 өңірде 20 авиаотряд болуы керек. Осылайша сол жерде қауіпсіздік барынша қамтамасыз етіледі, мамандар даярланады. Жас мамандар ұшқыш мамандығын меңгереді. Қазіргі таңда жоспар бойынша біз лизинг арқылы 3 Ми-8 АМТ және 4 Ка-32 тікұшағын сатып аламыз. Сондай-ақ тәуелсіз Қазақстан тарихында бірінші рет чехиялық 4 L-410 ұшағын аламыз. Оларды 4 өңірде қоямыз: батыс, шығыс, солтүстік және оңтүстікте. Соның арқасында тапсырмаларды орындаймыз деп ойлаймын. Нәтижесінде қауіпсіздікті ұйымдастыру бойынша деңгейіміз өседі, - деді Шыңғыс Әрінов.

Министр тікұшақтарды өте тиімді лизинг арқылы алатынын айтады.

Бұл техниканың бәрі тиімді бағамен алынады, қазіргі нарықпен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Екіншіден, қажет қозғалтқыштары, құрал-жабдықтары, қызмет көрсетуі сияқты жаңа технологиялары кіріп жатыр. Қызмет көрсетудің барлық түрі жүзеге асырылады, - деді Төтенше жағдайлар министрі.

Өзгелердің жаңалығы