Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстан БҰҰ-ның киберқылмысқа қарсы конвенциясына қол қойды

27 Қазан 2025, 20:05
359
Бөлісу:
 polisia.kz
Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры Бауыржан Әленов бастаған делегация Вьетнам астанасы Ханой қаласында өткен БҰҰ-ның киберқылмысқа қарсы конвенциясына қол қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған құжат ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы қылмыстарға қарсы күрестегі халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және жаһандық киберқауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған. ҚР ІІМКонвенция жобасын әзірлеу барысында ұлттық мүдделерді ұстана отырып, мемлекеттер арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді тетіктерін қалыптастыруға бағытталған ұсыныстар енгізіп, белсенді жұмыс атқарды.

Конвенцияға қолқою Қазақстанның цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, киберқатерлерге қарсы іс-қимылдың ұлттық жүйесін жетілдіру және киберқауіпсіздік саласында басқа елдермен әріптестікті нығайту жөніндегі мемлекеттік саясатын іске асырудағы маңызды қадам болды.

Конвенцияға қосылу Қазақстанға:

  • басқа елдермен электрондық дәлелдемелермен жедел алмасуға;
  • трансшекаралық киберқылмыстарды тергеу кезінде тиімді өзара іс-қимыл жасауға;
  • азаматтарды интернет-алаяқтықтан, кибершабуылдардан және цифрлық кеңістіктегі өзге де қауіптерден қорғауға мүмкіндік береді.
Өзгелердің жаңалығы