Қазақстан боксшыларының жартылай финалдағы қарсыластары анықталды

Кеше, 21:15
382
Бөлісу:
Қазақстан боксшыларының жартылай финалдағы қарсыластары анықталды
Фото: Olympic.kz

Софияда (Болгария) өтіп жатқан бокстан Странджа кубогінің жартылай финалдағы жұптары белгілі болды. Қазақстандық боксшылардың екеуі көрші Өзбекстан спортшыларымен кездеседі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан ерлер құрамасының сапында финалға жолдама алу үшін таласатын 14 спортшы бар. Олардың жартылай финалдық жекпе-жектегі қарсыластары төмендегідей:

  • 48 кг. Теміртас Жүсіпов - Ергунал Сабри (Болгария)
  • 51 кг. Даниял Сабит - Нижат Гусейнов (Әзербайжан)
  • 54 кг. Тимур Қабдешов - Кристофер Гиппократ (Франция)
  • 57 кг. Оразбек Асылқұлов - Хужаназар Нортожиев (Өзбекстан)
  • 60 кг. Серік Теміржанов - Адам Хессион (Ирландия)
  • 60 кг. Талғат Сырымбетов - Радослав Розенов (Болгария)
  • 63,5 кг. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы - Дин Клэнси (Ирландия)
  • 63,5 кг. Ертуған Зейнуллинов - Викторио Илиев (Болгария)
  • 67 кг. Төрехан Сабирхан - Нәби Искандаров (Әзербайжан)
  • 71 кг. Абылайхан Жүсіпов - Гуиди Ронтани (Италия)
  • 71 кг. Фарух Тоқтасынов - Лорис Идризи (Косово)
  • 75 кг. Тимур Нұрсейітов - Джавохир Умматалиев (Өзбекстан)
  • 75 кг. Сабыржан Аққалықов - Рами Киван (Болгария).

Айта кетейік, бүгін жарыс жолынан Санатәлі Төлтаев пен Азамат Бектас жеңіліп шығып қалса, әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай жарақатына байланысты әрі қарай жалғастыра алмады. Ал тамақтан уланған Махмұд Сабырхан турнирден тыс қалды.

Ауыр салмақтапда жұдырықтасатын Бекзат Нұрдәулетов, ағайында Нұрбек пен Айбек Оралбайлар жартылай финал жолдамасын бұған дейін алып қойған.

Өзгелердің жаңалығы