Қазақстан бидай мен ұн экспортына квотаны 30 қыркүйекке дейін ұзартады

15 Маусым 2022, 13:15
1564
Бөлісу:
Қазақстан бидай мен ұн экспортына квотаны 30 қыркүйекке дейін ұзартады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлады.

Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу жөніндегі ведомствоаралық комиссия республиканың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында биылғы жылдың 30 қыркүйегіне  дейін үшінші елдерге және ЕАЭО елдеріне 550 мың тонна көлемінде бидай мен меслин, сондай-ақ үшінші елдерге 370 мың тонна көлемінде бидай мен бидай-қара бидай ұнының экспортына шектеу енгізу туралы шешім қабылдады, - делінген ақпаратта.

Министрлік ауыл шаруашылығы өнімдерін квоталау механизмін бекіту бойынша шаралар қабылдап жатыр. 

15 маусымға дейін Қазақстаннан 1 миллион тонна бидай мен  300 мың тонна мөлшерінде ұнды сыртқа шығаруға квота енгізілген болатын. Қазақстанның Астық одағының мәліметіне сәйкес, 13 маусымдағы жағдай бойынша бидайға арналған квотаны игеру 69 пайызды, ұн бойынша 86 пайызды құрап отыр, - деді АШМ.

Өзгелердің жаңалығы